Жарияланды: 450

"Нұр Отан" партиясы мен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі жемқорлыққа қарсы күрестегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана. 7 қазан "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" партиясы мен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік жемқорлыққа қарсы күрестегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасап.

Астанада "Нұр Отан" партиясының аймақтық филиалдарының жетекшілері мен тәртіптік кеңестердің басшылары парақорлықтың алдын алу мәселелерін талқылады. Жиналғандар "жемқорлық қылмысты азайту үшін электронды үкіметті қолданысқа енгізуді тездетіп, мемлекеттік қызметкерлердің үстінен түскен арыздарды мұқият тексеріп, сенім телефондарын кеңінен пайдалану керек" деген пікір айтты. ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, "тәртіп кеңестерінің ұсыныстары нақты міндетті түрде орындалатын болуы керек, сондықтан заңға осындай өзгеріс енгізілетін болады". Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін