Мемлекет басшысының айтуынша, республикамызда «сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаланған шенеуніктер мен құқық қорғау органы өкілдерінің саны 40%-ға артты». «Бүгін мемлекеттік шенеуніктердің жалақысының көлемі де ұлғайтылды, құқық қорғау органдарында да барлық жағдайлар жасалуда», -деді ол. «Дегенмен, сыбайлас жемқорлық әлі де тыйылмай отыр, өйткені, кәсіпкерлер өз проблемаларын шешудің оңай әрі қысқа жолдарын іздейді», — деді Н. Назарбаев.
«Сондықтан да «Нұр Отан» партиясы сіздерге үлкен көмек бола алады. «Нұр Отан» партиясының қалалық және аудандық барлық филиалдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестер құрылады», — деді президент. «Бұл жұмысқа еліміздің арнаулы органдары да жұмылдырылады. Біз ақша бопсалайтындарды анықтап, лайықты жазасын беруге тиіспіз», -деді мемлекет басшысы. «Сонда ғана біз осынау зұлматпен күресіп, еліміздің беделін көтере аламыз», -деп қорытты Нұрсұлтан Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті