Алайда, саясаткердің өзі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында шығармашылық демалысқа кетіп бара жатқанын жазыпты. Жалпы, Қарин 5 жылға жуық билік партиясының хатшысы болды. Енді оның орнына уақытша Болат Берсебаев тағайындалып отыр. 36 жастағы жаңа хатшыға да «Нұр Отанның» ішкі жүйесі тансық емес. Өйткені, Берсебаев күні кешеге дейін партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің кеңесшісі болып келген. Сондай-ақ, ол «Болашақ» степендиясының иегері, Қауіпсіздік Кеңесінде, Президенттің баспасөз қызметінде де жұмыс істеген.