"Нұр Отан" партиясының сайлауалды тұғырнамасын тиімді іске асыруға облыстық филиалдар көмек көрсетуге тиіс - Ә.Жақсыбеков - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұр Отан" партиясының сайлауалды тұғырнамасын тиімді іске асыруға облыстық филиалдар көмек көрсетуге тиіс - Ә.Жақсыбеков

"Нұр Отан" партиясының сайлауалды тұғырнамасын тиімді іске асыруға облыстық филиалдар көмек көрсетуге тиіс - Ә.Жақсыбеков

Астана. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" -"Нұр Отан" партиясының сайлауалды тұғырнамасын тиімді іске асыруға облыстық филиалдар көмек көрсетуге тиіс. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы Қостанай облыстық филиалының VІІІ партиялық конференциясында партия төрағасының бірінші орынбасары Әділбек Жақсыбеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Наурыз 2008
  • 636
Фото - Caravan.kz

Ә. Жақсыбеков өз сөзінде облыстық филиалдар үлкен роль атқаратындығын, аймақтарда олар идеологиялық, саяси-көпшілік және ұйымдастырушылық-көпшілік жұмысын ұйымдастырып, осы жұмыстарға басшылық жасау керектігін атап өтті. Партия филиалдары өмірді жақсартуға ұмтылатын аймақтық зиялы қауым мен қоғамның барлық ізгі күштерін біріктіруші орталыққа айналуы тиіс.

Партия Саяси кеңесінің қаңтар айында өткен кеңейтілген отырысының шешімдері мен президенттің Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» жолдауының аясында туындаған міндеттер Қостанай облыстық партия филиалының алдына қойылды.

Біріншіден, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету қажет.

Осы тұрғыда депутаттарының басым бөлігі партия мүшелері болып келетін жергілікті өкілді органдар белсенді қолдау көрсетулері керек.

Екінші міндет — реформалардың нормативтік базасын жетілдіру. Бұл жерде барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партия фракциялары барынша белсенділік танытуы тиіс.

Үшіншіден, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, ұлттық-мәдени орталықтар және діни бірлестіктермен бірлестікте қоғамды одан әрі біріктіруге атсалысу қажет.

Төртіншіден, жергілікті жерлерде партияның идеологиялық қызметін жандандыру қажет, халық арасында ақпараттық-түсіндіу жұмыстарын кеңінен жүргізу керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті