Жарияланды: 620

«Нұр Отанда» өзін-өзі өртеп өлген әйелдің өтінішін тексеруге уәде берді

«Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдау бөлімі партияның орталық ғимаратының маңында өзін-өзі өртеп өлген әйелдің өтінішін тексеру жұмыстарын жалғастырады, деп партияның қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов мәлім етті.

«Мен ол әйелдің шағымын тексеру жұмысын жалғастаратынымызды айтқым келеді. Біз ол жұмысты тоқтатпай, аталған өтінішке объективті жауап алу үшін бұл істі аяғына дейін жеткіземіз», - деді Ж. Жүкенов ҚазТАГ тілшісіне сейсенбі күні. Партияның қабылдау бөлімінің меңгерушісінің айтуынша, ол әйел өзінің ұлы есірткі сақтап, сатқаны үшін 10 жылға сотталған Мұхамеджанов Жанатқа қатысты проблеманы шешуге көмектесуін сұраған. Оның айтуынша, оның ұлына есірткіні «әдейі тастап жіберген». Бұл ретте ол азаматша өзінің ұлының есірткіқұмар екенін жоққа шығармайды. «Ол әйел осындай пробламен бізге келіп, оны біздің кеңесшіміз қабылдады... Ол әйел өзімен бірге әкелген материалдарды кеңесшілеріміз қарап шығып, біз оған келесідей кеңес бердік: сот болып қойғаны себепті, алғашқы аппеляциялық шағым өтті, енді Жоғарғы сот қалды. Бұл ол әйелдің бармаған сатысы... Келесі қадам – Жоғарғы сотқа жүгіну, бірақ бұл ретте адвокат шағымды білікті түрде дайындауы тиіс. Ол әйел адвокаттар қымбат сұрайтынына налынды, біз оған өзіміздің заңгерлеріміз аптасына үш рет тегін консультация беретінін айттық», - деді Ж. Жүкенов. «Осыдан кейін ол, депутатқа (қабылдауына – ҚазТАГ) жазылса бола ма, деп сұрады. Оған келісім беріп, 23-ші маусымға біз оны депутатқа сағат 10-ға жазып қойдық.... Ал оның өтінішіне қатысты, біз оның қабылданатынын және ол бойынша біздің тәртіпке сай жұмыс істейтінімізді айттық», - деп жалғастырды ол. Қабылдау бөлімінің меңгерушісі ол әйелдің қабылдау бөлмесіне секемденіп, қорқып кіргендей болғанын атап өтті. «Кейін оның көзінен ол тынышталғандай болып көрінді. Орнынан тұрып, барлығына алғысын айтты... Одан соң ол Жоғарғы сотқа қалай баруға болатынын сұрады, біздікілер оған түсіндірді. Осыдан кейін ол ақырын тұрып, көшеге шықты», - деді Ж. Жүкенов. Кейін белгілі болғандай, партия өкілінің айтуынша, ол әйел партия ғимаратына кірудің алдында, «бензин құйылған ыдысты ғимаратқа кірер есіктің алыс түкпіріне қойып, өзі онсыз кірген екен». «Ғимараттан сыртқа шығып, кіре берістің алдында өзіне бензин құйып, одан соң қайта келіп, тура кіре беріс есіктің алдында, ғимараттың ішінде емес, кіре берістің алдында оттықпен өзін тұтандырып жіберіпті. Оның маңында тұрған күзетші үстіндегі кеудешісімен отты сөндіре бастаған, сол кезде біздің консультанттар да жүгіріп шығып, кілеммен өртті сөндіре бастаған. Одан соң күзетші өрт сөндіргішпен әйелдің үстіндегі өртті сөндіре бастаған, (осы уақтта – ҚазТАГ)шамамен 2-3 минут өтті», - деді ол. Еске салсақ, сейсенбі күні ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов өзін-өзі өртеп жіберген әйелдің қайтыс болғанын айтты. Астана ІІД мәліметтерінше, ол әйел Астанада тұрады және қоғамдық қабылдау бөліміне екінші рет келіп тұр. Бірінші рет ол «жер қатынастары» мәселесімен келіп, екінші рет соттың оның ұлына қатысты шығарған шешімімен келіспей келген. Қаза болған әйелдің аты- жөнін ішкі істер департаментіндегілер айтудан бас тартты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін