Нұрлан Ермекбаев діни рәсімдер бойынша некеге отыру туралы пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрлан Ермекбаев діни рәсімдер бойынша некеге отыру туралы пікір білдірді

Нұрлан Ермекбаев діни рәсімдер бойынша некеге отыру туралы пікір білдірді

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев некеге тұру бойынша заң нормаларына енгізілген өзгерістер туралы баяндады.

  • 24 Қараша 2017
  • 546
Фото - Caravan.kz

Оның азаматтарға дін бойынша «неке қию» рәсімін діни мекемелерде ғана өткізуге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл туралы ол “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасына арналған брифингте мәлімдеді.

«Азаматтық қоғам талқылауының нәтижесінде неке қию туралы заңға (бап – авт.) біршама өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, бұрын діни рәсімдерде неке қию және басқа да рәсім бойынша үйлену рәсімдерінің алдында міндетті түрде ресми тіркеу органдарына келу керек деген ұсыныс болған. Үкімет мұндай талапты алып тастады. Бірақ та бұл діни бірлестіктердің ішкі мәселесі. Сондықтан да бүгінгі таңда барлық діни бірлестік өздерінің діни қызметкерлеріне осындай талап қойып жатыр. Атап айтқанда діни рәсімдермен неке қию алдында міндетті түрде ресми куәлік, ресми құжат көрсетуі керек. Жаңа заң жобасында діни талаптарға сәйкес неке қию рәсімдері алдында құжат немесе куәлік керек жоқ болса да, осындай нәрсе діни мекемелерде аталып өтуі қажет», — деді Нұрлан Ермекбаев.

Министр неке қию туралы нормаларға енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтты.


«Бұл бағытта ең алдымен түсіндіру жұмыстарын өткізіп, айтуымыз керек. Ресми тіркелмеген үйлену не ажырасу жас азаматтарға ешқандай әлеуметтік немесе заңдық салдар әкелмейді, не ешкімге міндеттемелер жүктемейді дегенді түсіндіруіміз керек. Бұл олардың жеке шешімі. Олар өздерінің қандай тәуекелге барып отырғандарын түсінуі керек», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар