Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды - Антикор - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды - Антикор

Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды - Антикор

Полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімов пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

  • 22 Сәуiр 2022
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен соталды тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша).

Осы факт бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады", — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Мәсімовке іздеу жарияланған.

"Іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданады", — делінген хабарламада.

Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

2022 жылдың қаңтарында Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылған. 48 жастағы Нұрлан Мәсімов департаментті 2019 жылдың қарашасынан бері басқарған.

Соңғы жаңалықтар