Нұр-Сұлтан әкімдігі стадионда ашылған стационар туралы ақпаратқа түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан әкімдігі стадионда ашылған стационар туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан әкімдігі стадионда ашылған стационар туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта 2gis.kz-тен түсірілген фотосурет тіркеліп, стадион мен оған баратын маршрут жазылған

  • 8 Шiлде 2020
  • 19
Фото - Caravan.kz

 Елорда әкімдігі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда 600 орындық стационардың ашылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Соңғы күндері астаналықтар арасында жүздеген орны бар процедурныйдың" ашылғаны жайында ақпарат тарады.

"Жігіттер, ассалаумағалейкүм, қалайсыңдар? Жақындарың ауырып жатқан болса, Қажымұқан стадионының жеңіл атлетика ғимаратында 600 орындық процедурный істеп жатыр. Барлық емхананың дәрігерлері отыр. Дәрінің бәрі тегін. Қалада жоқ дәрілердің бәрі бар, тегін емдеп жатыр", — делінген хабарламада.

Оған 2gis.kz-тен түсірілген фотосуретті де тіркеп қойған. Онда Нұр-Сұлтандағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион мен оған баратын маршрут жазылған.

Елорда әкімдігі стадионда ондай стационардың ашылмағанын мәлімдеді.

"Жоқ, бұл бізде емес. Шымкентте ашылған стационарға ұқсайды", — деді баспасөз қызметінің мамандары.

Ал Шымкент қаласының әкімдігі ондай стационардың ашылғанын растады.


"Бізде де Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион бар. Соның жанындағы жеңіл атлетика манежінде күндізгі стационар ашылған болатын", — деді баспасөз хатшысы Арай Есенбек.

Айта кетейік, бүгін Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов жеңіл атлетика манежінде ашылған станционардың жұмыс тәртібін түсіндірді.

Оның айтуынша, ол жерде 600 орын емес, 380 орын ашылған.

"Бірақ ол жерге даладан келіп емделуге рұқсат жоқ. Себебі біз алдымен науқасты қарап, оның ауруын түсінуіміз керек. Дәрігерлер рецептін жазып беруі қажет. Содан кейін ғана манежде ашылған стационарға жатып, емделуге болады. Оны ашудағы негізгі мақсатымыз, емханада орын жетпей қалса, дәрігер жолдама жазып, манеждегі стационарға жібереді", — деп атап өтті Әйтенов.

 

Соңғы жаңалықтар