Жарияланды: 1400

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгінің әжелері туралы әзіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгінің әжелері туралы әзіл айтты

Астанада Елбасының қатысуымен өткен Республикалық жастар форумында Нұрсұлтан Назарбаев жастар мен әжелерге қатысты қалжың айтты. Ал форумға еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт салаларының 1000-нан астам белсенді жастары қатысуда. Елбасы оларды бүгінгі мерекемен құттықтады.

Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

«Сендердің араларыңда қазірдің өзінде ақылы мен білімі Отанымызға зор пайда әкеліп жатқан балалар аз емес. Маған «қазіргі жастар бұрынғыдай емес» деген кезде: «әжелер де бұрынғыдай емес қой, шұлық тоқымайды, бәліш пісірмейді», деп айтамын. Алайда, интернетті жақсы біледі. Әрине, бұл қалжың. Бірақ, іс жүзінде солай болып отыр», - деді Назарбаев.

Президент бүгінгі жастар қазіргі заманға, заманауи өмірге сай келетіндігін атап өтті.

«Уақыт өте жылдам өтеді. Біз өте жылдам өзгереміз. Есіме ұлы Рим императоры Аврелияның мына бір сөзі түсіп отыр. Ол: «10 мың жыл өмірің бардай өмір сүрме. Өмір қысқа, тірі кезіңде, мүмкіншілігің барда жақсы болуға тырыс», дейді. Жақсы сөз», - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін