Жарияланды: 500

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденовті қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденовті қабылдады

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденовті қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында ішкі және халықаралық қаржы рыногындағы ағымдағы жағдайлар талқыланды. Ә.Сәйденов президентке республикадағы қаржылық ахуал үкімет пен Ұлттық банктің бақылауында екендігі жөнінде баяндады. Бүгінде қазақстандық банктердің ахуалы қалыпты және төлемдік қабілеті жеткілікті. "Мемлекет басшысы халықаралық қаржы рыногына, сондай-ақ экономикамыз тығыз байланысты болғандықтан ресейлік рыноққа, әсіресе қор рыногына егжей-тегжейлі мониторинг жүргізу міндетін қойды. Сонымен қатар, әріптестерімізбен ақша-несие саясатын үйлестіруді міндеттеді. Ұлттық қор активтерін тиімді басқару жағдайы да талқыланды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша төлем балансы өткен жылмен салыстырғанда оң нәтижемен сипатталады", - деп атап өтті Ә.Сәйденов журналистерге арналған брифингте. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін