Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан премьер-министріне Мумбай қаласында болған лаңкестік оқиғаларына байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады
Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан Республикасының премьер-министрі М.Сингхқа Мумбай қаласында болған лаңкестік оқиғаларына байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
"Қылмыскерлердің бұл қатыгез әрекетін толық айыптай отырып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан сізге, сіз арқылы қаза тапқандардың отбасыларына және Үндістан халқына шынайы қайғырып, көңіл айтамын. Осы қаралы оқиғаға байланысты лаңкестікпен күресте халықаралық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін баса атап өткім келеді. Лаңкестіктің барша түрін осы арқылы ғана жоя аламыз деген сенімдемін", - делінген жеделхатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін