Жарияланды: 110

Нұрсұлтан Нұрбердиев: Дана Кентаймен арамызда...

Нұрсұлтан Нұрбердиев: Дана Кентаймен арамызда...

Көпшіл қауымға "Жүрек алдамайды" әнімен таныс. Түрік жұлдызы Мурат Япракпен дуэт жазған жас әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев бұл жолы қандай жұлдызбен дуэт дайындап жатыр екен?

Осы тұрғыда Нұрсұлитан Нұрбердиевпен Саravan.kz медиа-порталының тілшісі сұхбаттасып көрді. 

- Шығармашылығыңыздағы соңғы жаңалықтарыңызбен бөліссеңіз?

- Шығармашылығымда жаңалық көп, өзімді тыңдармандарыма енді басқа қырымнан көрсетпекпін. Осы жылы менен тек қана жақсы жаңалықтар күтіңіздер. Жүрекфандарға дайындаған тосын сыйым да бар.

- Жеке басыңызға қатысты жақсы жаңалық бар ма?
- Қандай жаңалық керек? (күліп) Қызым жоқ, басым бос. Әзірге, сүр бойдақпын. Варианттар болса, айта жүріңіздер (қалжың).
 

- Әріптестеріңізбен дуэттеріңіз жетерлік. Өзіңізге ең ұнайтыны қайсысы? 

- Дуэтке келетін болсақ, кез-келген дуэтті мен ұнаған соң орындаймын. Өзіме ұнамаған әнді айта алмаймын. Демек, маған барлық жазылған дуэттер ұнайды. Алла қаласа, өнердегі аға-әпкелеріммен тағы да жақсы дуэттер дайындап жатырмыз. Әзірге атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. 

- Түрік еліне қоныс аударады деп есітіп жатырмыз...
- Туған жерге ештеңе жетпейді ғой, әрине. Түрік еліне тек қана Мурат Япрак досыма жұмыс барысымен немесе демалуға бармасам, елді тастап кететін ойым жоқ. Бізге елге қызмет ету керек.

- Өзіңізді модельдік салада сынап көргіңіз келмей ме?

- Негізі ойымда бар. Ұсыныстар түсіп жатса, бас тартпас едім. 

- Дана Кентаймен араларыңызда қарым-қатынас бар ма?

- Бар! Достық қарым-қатынас. Одан әріге барған емеспіз. Сахнада жақсы жұппыз. Дуэттеріміз де бар. Өте жақсы достармыз.

Сұхбатыңызға рахмет!

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін