Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Тоқаевқа есеп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Тоқаевқа есеп берді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Тоқаевқа есеп берді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берді.

  • 21 Қаңтар 2020
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есебі беріліп, Президенттің Елорданы дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндалды.

Сонымен қатар Алтай Көлгінов Мемлекет басшысына қаланы абаттандыру және жылыту маусымы жайында ақпарат берді.


Президент әкімге жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларды қолдау, үлескерлердің мәселесін түбегейлі шешу және Нұр-Сұлтан қаласының инфрақұрылымдық дамуы бойынша берілген тапсырмаларды сапалы  және уақытылы орындау керектігін атап айтты.

Соңғы жаңалықтар