Нұр-Сұлтанда дүкен сатушыларынан күнде коронавирус анықталып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда дүкен сатушыларынан күнде коронавирус анықталып жатыр

Нұр-Сұлтанда дүкен сатушыларынан күнде коронавирус анықталып жатыр

Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендерінің сатушыларынан күнде коронавирус анықталып жатыр. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.

  • 20 Мамыр 2020
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Өткен бірнеше күнде 358 нысан тексерілді, оның ішінде 85 нысанның талаптарды орындамағаны анықталды. Бұл талаптар азық-түлік және азық-түлік сатпайтын басқа да дүйендерде сақталмай отыр. Сатушылар маскасыз, қолғапсыз, қорғаныш құралдарынсыз, антисептиксіз жұмыс істеп жатыр, нан өнімдерін сақтау шаралары орындалмаған. Стоматологиялық нысандарда, сұлулық салондарында (…). Нұр-Сұлтанда күнде дерлік түрлі дүкен сатушыларының арасынан коронавирус жұқтырғандар анықталып жатыр", — деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингінде.


Қазір Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 6969 жағдай тіркелді. 3649 науқас жазылды, 35 адам қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар