Нұр-Сұлтанда ер адам 88 жастағы зейнеткерді ұрып, тонап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда ер адам 88 жастағы зейнеткерді ұрып, тонап кеткен

Нұр-Сұлтанда ер адам 88 жастағы зейнеткерді ұрып, тонап кеткен

Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшылары 88 жастағы зейнеткерге шабуыл жасаған қарақшыны ұстады.

  • 8 Сәуiр 2022
  • 54
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті азаматты ұстады.

"Түнде белгісіз ер адам 88 жастағы қарияның есігін қағып, ашуын сұраған. Қария есікті ашқан сәтте ер адам оны ұрып, тонай бастаған", — деп хабарлады полицейлер.

Қарақшы қарияның алтын сақинасын шешіп алған және бөлмені мұқият қарап тағы бір алтын сақина алып шыққан.

Тергеу барысында қаскүнемнің Затаевич көшесінде жалға берілетін пәтерді жалдағаны анықталды.

"Қарама-қарсы пәтерде жалғыз адам тұратынын біліп, қасақана барған. Елорда полицейлері 28 жастағы күдіктіні ұстады. Ол алтын бұйымдарды ломбардқа тапсырып үлгерген. Бұған дейін оның ұрлық үшін сотталғаны анықталды", — деп түсіндірді баспасөз қызметі.


Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан қалалық полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері азаматтарға, әсіресе, қарт адамдарға пәтердің сыртқы есігін құлыптауды, бөтен адамдарға есік ашпауды, пәтерге кіргізбеуді, ешкімге сенбеуді сұрайды", — деді аудандық полиция бөлімі.

Соңғы жаңалықтар