Нұр-Сұлтанда еріктілер "иттер зорланды" деп сұмдық жағдайды жария етті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда еріктілер "иттер зорланды" деп сұмдық жағдайды жария етті

Нұр-Сұлтанда еріктілер "иттер зорланды" деп сұмдық жағдайды жария етті

Нұр-Сұлтанда еріктілер көптеген иттердің зорланғанын айтып, дабыл қақты.

  • 10 Қыркүйек 2020
  • 247
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Instagram-дағы vd_stopotlov  парақшасында жазылды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы. 

2020 жылдың 6 қыркүйегінде біздің қордың еріктілері жыныс мүшелеріне жаппай зақым келген, яғни зорланған төрт итті тапты. Олар Ақсүмбе жолының 1-ші бөлігінде ұсталған иттер мен мысықтарды оқшаулау базасына орналастырылған еді. Қатты қан кеткен біреуін емханаға апардық. 7 қыркүйекте біз тағы үш итті емханаға апарып, полицияға бардық. 8 қыркүйекте бізге медициналық қорытынды келді. Онда барлық төрт итке қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасалу дерегі расталған. 8 қыркүйекте біз Астана Ветсервис басшылығына қатыгездік туралы ауызша хабарладық. 9 қыркүйекке жазбаша хабарлама жіберілді, — деп хабарлады Инстаграмда.

Ветеринарлар төрт иттің де бірдей жарақат алғанын хабарлады. Жарақаттар бірнеше күн аралығында келтірілген.


Біз үнсіз қала алмаймыз! Біздің елде бұған мән бермейтінін және үндемейтінін біз жақсы түсінеміз!

Полицияның бізге қалай қарағанын, арызды қалай қабылдағылары келмегенін көрулеріңіз керек еді! Иттерді оқшаулау кезінде зұлымдықтар болып жатыр! Бұл түнде болады, өйткені күндіз онда әрдайым еріктілер жүреді!, деп жазды инстаграмда еріктілер.

Соңғы жаңалықтар