Жарияланды: 90

Нұр-Сұлтанда моншадан әйел адамның мәйіті табылды

Нұр-Сұлтанда моншадан әйел адамның мәйіті табылды

Екінші топтағы мүгедек әйел елордадағы монша кешенінің біріндегі бассейнде суға батып кеткен

 Елордадағы "Керемет" моншасының бассейнінен әйел адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Caravan.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Әйел монша кешеніне бейсенбі күні кешке келген. 19.10-да бассейннен оның жансыз денесі табылып, оқиға туралы дереу полицияға хабарланған.

51 жастағы марқұмның екінші топтағы мүгедек екені ("эпилепсия" диагнозы) анықталды.

Ол моншаға анасымен бірге барған.

Аталған оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде, деп хабарлады полиция.



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін