Нұр-Сұлтанда Мұхтар Тілеуберді мен Майк Помпео келіссөз жүргізіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда Мұхтар Тілеуберді мен Майк Помпео келіссөз жүргізіп жатыр

Нұр-Сұлтанда Мұхтар Тілеуберді мен Майк Помпео келіссөз жүргізіп жатыр

 

  • 2 Ақпан 2020
  • 6
Фото - Caravan.kz


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтанда келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы ҚР Сыртқы істер министрлігіне келді. Ол сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөз жүргізуде. Сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік хатшысы ел басшылығымен кездесіп, екіжақты және өңірлік ынтымақтастық, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды. Еске салайық, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстан астанасына 1 ақпан күні кешкісін келді. Ол Қазақстанға 5 қаңтарда келуі керек. 2 қаңтарда АҚШ мемлекеттік хатшысы Бағдадтағы америкалық елшілік ғимаратындағы тәртіпсіздіктерге байланысты Қазақстанды қоса алғанда бес елге жоспарланған сапарды кейінге қалдырғаны белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар