Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден төленеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден төленеді

Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден төленеді

Елорда әкімдігі осы жылы барлығы төрт мыңға жуық адамға 195 миллион теңгеден астам төлем төлеуді жоспарлап отыр

  • 28 Сәуiр 2021
  • 367
Фото - Caravan.kz

 Нұр-Сұлтан әкімдігі Жеңіс күніне орай ардагерлерге қанша теңге біржолғы төлем төленетінін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, елордада 25 ҰОС ардагері тұрады. Оларға биыл 9 мамырға орай 1 миллион теңге төленеді.

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер 102 095 теңге (35 АЕК) алады.

Бұл санатқа ҰОС кезінде қызмет еткен әскери қызметкерлер; фашистік Германияға қарсы соғыс қимылдарына қатысқан адамдар; Ленинград қаласындағы блокада кезінде жұмыс істеген азаматтар; концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар; әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты балалары жатады. Барлығы – 415 адам.

Сонымен қатар, тыл ардагерлері, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің әйелі, еңбек ардагерлеріне 32 087 теңге (11 АЕК) беріледі.


Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 708 адамға 58 340 теңге (20 АЕК) төленеді.

Нұр-Сұлтан әкімдігі осы жылы барлығы 3 843 адамға 195 159 583 теңге төлеу жоспарлап отыр.

 

Соңғы жаңалықтар