Нұр-Сұлтанда үйді газбен жабдықтау құны арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда үйді газбен жабдықтау құны арзандады

Нұр-Сұлтанда үйді газбен жабдықтау құны арзандады

Нұр-Сұлтанда үйді газбен жабдықтау құны 30 пайызға арзандады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 27 Қаңтар 2021
  • 18
Фото - Caravan.kz

"Алия Сервис" ЖШС үй ішіндегі газбен жабдықтау құнын 240 мың теңгеден 150 мың теңгеге (37,5 пайызға), "Қазтрансгаз Аймақ" АҚ — 123 мың теңгеге дейін төмендеткен. Басқа бірқатар жеке ұйымдар үй ішінде газ тасымалдау құнын арзандатты. Бұл сомаларға газ жабдықтары мен аксессуарлардың құны кірмейді.

Баспасөз қызметі тұрғын үй аудандарындағы газ тарату желілері мен үйлер бойындағы кварталішілік желілердің құрылысын Нұр-Сұлтан әкімдігі жүзеге асыратынын, ал үй ішіндегі жабдықтауға жеке ұйымдар жауапты екенін еске салды.

Қаланы газдандыру үш кезеңнен тұрады. Ағымдағы жылыту маусымында Железнодорожный, Көктал-2 тұрғын аудандарының тұрғындары және Агрогородоктың бір бөлігі газға көшуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, ЖМ Көктал-1, Промышленное, Юго-Востокта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Әкімдіктің хабарлауынша, ішкі газбен жабдықтау желілерін тексеру "Қазтрансгаз Аймақ" АҚ-на жүктелген.


"Астананы газдандыру — Елбасының тарихи жобасы. Бұл қоршаған ортаны жақсартумен қатар, жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жеңілдетеді. Газдандыру процесі мемлекет басшысының бақылауында", — деп хабарлады әкімдік.