Нью-Йоркте «Қазақ хандығына 550 жыл» фильмі көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нью-Йоркте «Қазақ хандығына 550 жыл» фильмі көрсетілді

Нью-Йоркте «Қазақ хандығына 550 жыл» фильмі көрсетілді

2015 жылғы 10 тамызда Нью-Йоркте Роберт Де Нироның «Tribeca Film» деп аталатын беделді киностудияларының бірінде

  • 13 Тамыз 2015
  • 525
Фото - Caravan.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Бас консулдығының жәрдемдесуімен режиссер Бақыт Қайырбековтың «Қазақ хандығына 550 жыл» 10 сериялы деректі фильмінің алғашқы бөлімін көрсетті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Фильм ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих тоғысында» атты кітабы негізінде жасалған. Картинаны көрсету Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын мерекелеуге байланыстырылды.

Фильмнің алғашқы бөлімі қыпшақ және армян мәдениеттерінің өзара тығыз қарым-қатынасының тарихына арналған, оның нәтижесі ортақ тілдің таралуы болды. Фильмнің әрбір сериясы 1465 жылы Қазақ хандығы құрылуынан бастап Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі қазақ халқы тарихының жекелеген кезеңдері туралы баяндайды. Фильм Қазақстанның әлемдегі тарихи және геосаяси рөлін жарқын сипатта және жан-жақты ашып көрсетеді. Картинада шетелдерде жұмыс істеген қазақстандық ғалымдардың, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен тарихшылардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері көрініс тапқан.

Фильм ағылшын тілінде көрсетілді. Тұсаукесерге Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Әбдірахманов, ҚР-дың Бас консулы Раушан Есболатова, сондай-ақ олардың Нью-Йоркте тіркелген әріптестері қатысты.

Шетелдік дипломаттар және шетелдік қонақтармен қатар аталған іс-шараға «Muse Films» киностудиясының президенті Карл Клатцты, «Cinema Tropical» президенті Карлос Гутиересты, «Seagull Films» студиясының негізін қалаушы және президенті Алл Верлотскиді, «Kino Lorber» киностудиясының қоғамдық байланыстар жөніндегі вице-президенті, белгілі киносыншы Эрик Конды, Фильмдерді ілгерілету жөніндегі агенттіктің негізін салушы Софи Глакты қоса алғанда, АҚШ киноиндустриясының өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар, ғалымдар, АҚШ-тағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.


Фильм американдық аудиторияның үлкен қызығушылығын туғызды. Іс-шараға қатысушылар Нью-Йоркте фильмді толық көлемде көрсету жалғасатынына үміт білдірді.
фильма фильма

Соңғы жаңалықтар