«Оń Tulǵa» - өзін-өзі дамытуға арналған онлайн-жоба - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Оń Tulǵa»  - өзін-өзі дамытуға арналған онлайн-жоба

«Оń Tulǵa» - өзін-өзі дамытуға арналған онлайн-жоба

Біз тез өзгеріп жатқан әлемде, жоғары технология мен экономиканың жаңа бағыттарының даму дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Бәсекеге қабілетті болу үшін тиісті дағдыларға ие болу керек.

  • 13 Қараша 2020
  • 47
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры барлық ниет білдірушілерге өз дағдыларын дамытуға, жаңа білім алуға, өзін-өзі жүзеге асыру жөніндегі жоспарларын түзеуге және Қазақстандағы өңірлер туралы көбірек білуге тамаша мүмкіндік береді.

2020 жылдың 23-27 қараша аралығында Қор «Оń Tulǵa "онлайн-жобасын іске асыратын болады.

Жоба аясында қазақстандық және халықаралық кәсіби жаттықтырушылар, мәдениеттанушылар, академиялық орта мен бизнес өкілдері, танымал тұлғалар шеберлік сыныптарын өткізеді.

Спикерлер тыңдаушыларға өздерінің жетістіктерінің тарихы туралы айтып береді, жеке даму мысалдарымен бөліседі, еліміздің өңірлерінің дәстүрлері мен ерекшеліктері туралы, заманауи әлемде табысты болуға көмектесетін кеңестер және т.б. туралы әңгімелейді.


Эфирлер күн сайын 23-27 қараша күндері сағат 19:00-де "Оń Tulǵa" Youtube-арнасында (#ontulga, #10tulga хэштегтері бойынша) көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар