«Африка ұлттарының кубогі біздің елде өткізілмейді», — деп мәлімдеді ОАР спорт министрі Фикил Мбалула.
Спорт бәсекесін ауыстыру туралы мәселе Марокко билігі Африка футболы конфедерациясынан турнирді вирустың тарау қаупіне байланысты кейінгі қалдыруды сұрағаннан кейін көтерілді. АФК бұған дейін Кубоктің ешқашан ауыстырылмағанын айтып, Марокконың орнына басқа ел іздей бастады. Негізінен сұраныс ОАР мен Гана Республикасына жолданды.
«Біздің бюджеттің 2015 жылғы чемпионатты өткізуге әлеуеті жетпейді. Бұл мүмкін емес», — деді Мбалула.
Сонымен бірге, министр былай деп қосты: «Алдымызда Эболамен күресу міндеті тұр. Бізде оған қарсы иммунитет жоқ».
Африка ұлттарының финалдық бөлігі 2015 жылдың 17 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтуі тиіс еді.