"Женевадағы келіссөздерден кейін бұл жағдайға қатысты менің түсінігімді қолдап отырғандарына көзімді жеткізу үшін жұмада кешке еуропалық елдердің басшыларымен сөйлесемін", деді АҚШ президенті Сеулде баспасөз мәслихатында.
"Алдында атап өткенімдей, бізде РФ-ға қатысты бірқатар қосымша нүктелік санкция дайын тұр, соларды талқылаймыз, өйткені Ресейдің Украинаға қатысты іс- әрекеттерінде елеулі өзгерістерді көріп отырғанымыз жоқ", деді Ақ үйдің басшысы.