Бұл туралы Аltaynews.kz сайты хабарлайды.
Олжас Қаленов жазасын қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде өтейтін болды.
Бұл оқиға жарты жыл бұрын Семейде желтоқсан айында болған еді. Сол күні Олжас Қаленов өзімен бірге тұратын әйелдің кішкене қызы Айшамен үйде жалғыз қалады. Ішімдікке тойып алып, масайып отырған Олжас бүлдіршінді өлтіріп тастаған.
Өзінің айтуынша, ауырып, анасын іздеген бала мазасын алға көрінеді. Сәбидің еркелігін көтере алмаған маскүнем оған 27 дене жарақатын келтірген. Оның ішіндегі екі ауыр жарақат баланың өліміне себеп болып отыр.Олжас Қаленов жылап тұрған Айшаны желкесінен ұстап, басымен қабырғаға соққан. Бассүйектің самай және желке бөлігінен алған жарақаттан қыз бала көз жұмады.
Сотта Қаленов кінәсін мойындамады. Дегенмен, сот оны 19 жылға бас бостандығынан айырып отыр. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Оқи отырыңыз:
"Неге көбісі Шымкенттің жігіттері?": Желідегі гей жігіттердің видеосы
Отырарда 53 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды
Google сұрақтың 100 000 жауабын беруі мүмкін, ал дұрыс жауапты кітапхана береді – The Guardian