Отырарда 53 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отырарда 53 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

Отырарда 53 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

Бүгін Отырар ауданында Ұлттық бірыңғай тест тапсыру науқаны басталды.

  • 22 Маусым 2018
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы орайда ауданның болашақ тізгін ұстарларына ақ жол тілеп, арнайы барған аудан әкімі Ерлан Айтаханов оқушылармен жүздесіп, өмірлік қадамның жауапты сәтімен құттықтады.

«Құрметті түлектер, сіздердің алдарыңызда үлкен болашақ, ұлы мақсат пен міндет күтіп тұр. Халқымызда «Кім көп еңбектенсе, сол жеңіске жетеді» деген, қанатты сөз бар. Мектептен алған білімдеріңіз бен еңбектеріңіздің жемісі жоғары болады деген сенімдемін. Бүгін – білім берген ұстаздардың ғана емес ауданның да сенімін ақтайтын күн, сондықтан Ұлттық Бірыңғай тестілеуде сабырлылық танытып алған білімдеріңізді дәлелдеп, тілеулес жандарыңызды қуантып, биік белестерден көрініңіздер. Сіздерден бұрынғы аға-әпкелеріңіз білім сынағынан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, ауданымыздың абыройын асқақтатқан еді. Сіздерге де солардың жолын беруді нәсіп етіп, облыстағы алдыңғы үштіктен көрінулеріңізге тілектеспін!» — деді аудан басшысы.

Айта кетсек, биыл аудан бойынша 53 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 20 оқушы үздік аттестатты қорғап шықты. Аудан бойынша 711 түлек аттестат алып алтын ұя мектептерінен түлеп ұшса, 516 оқушы, оның ішінде 509-ы қазақ тілінде, 7 оқушы орыс тілінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге баруға өтініш білдірген. Ағымдағы жылы ауданның ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу пайызы 72,5 пайызды құрап отыр.


Соңғы жаңалықтар