Өгей әке 5 жасар қызын көміп тастаған жерді көрсетті (Видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өгей әке 5 жасар қызын көміп тастаған жерді көрсетті (Видео)

Өгей әке 5 жасар қызын көміп тастаған жерді көрсетті (Видео)

Қырым тұрғыны бес жасар өгей қызын көміп тастаған жерді көрсетті. Видеоны Ресейдің тергеу комитеті жариялады.

  • 17 Қараша 2019
  • 37
Фото - Caravan.kz

Күдіктінің айтуынша, ол қыздың денесін көліктің артқы орындығына салып, үйден алып шыққан. Ал алдыңғы орындықта ер адамның кіші ұлы отырған, деп хабарлады ntv.ru

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өгей әке қызын өзін тыңдамағаны және әкесі ретінде қабылдамағаны үшін өлтірген. Балалардың анасы Қытайда тұрып, жұмыс істейді екен, ол күйеуімен ажыраспақшы болып жүрген.

Тергеушілердің мәліметі бойынша ер адам қызын 12 қарашада буындырып өлтірген. Баланың денесін көміп тастағаннан кейін ол туған ұлымен Украинаға қашып кетпекші болады. Бірақ олар шекарадан өте алмаған.


Келесі күні қыздың жоғалғаны жөнінде хабарлаған өгей әкені полиция ұстайды. Қазіргі уақытта ол тұтқындалды, күдікті 14 қаңтарға дейін қамауда отырады.

 

 

Соңғы жаңалықтар