Олимпиада жүлдегеріне президент берген көліктің сатылатыны хабарланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада жүлдегеріне президент берген көліктің сатылатыны хабарланды

Олимпиада жүлдегеріне президент берген көліктің сатылатыны хабарланды

2016 жылғы BMW X6 II кроссовері сатылады. Жүрілмеген. Түсі – ақ. Іші – қара. Ресей президентінің өз қолынан алынған. Бағасы – 73 мың доллар.

  • 29 Тамыз 2016
  • 979
Фото - Caravan.kz

Олимпиада жүлдегерлері Кремльде марапатталып, сыйлықтары мен ақшаларын алып, су жаңа автомобильдерін мінген күннің ертеңінде, яғни тамыздың 26-сы күні ресейліктер таң-тамаша болды — жүлдегерлерге берілген көліктің бірі сатылатыны туралы хабарландыру шықты.

Хабарландыру ресейліктер жаппай қарайтын auto.ru сайтына жарияланды. Онда көлік бағасының 4 миллион 700 мың рубль екені жазылған. Жарияланған суретінде «Ресей құрамасы — 2016» деген жазуы сол күйі тұр. Суретке мынадай сипаттама берілген:

«Машинаны Ресей президенті В.В. Путиннің өзі сыйлаған. Рио-2016 олимпиадасындағы жеңіс үшін, нақтырақ айтсақ алтын медаль үшін берілген көлік. Су жаңа».

Ақпараттарға қарағанда, Рио-де-Жанейро қаласында өткен 2016 жылғы жазғы олимпиада жүлдегерлеріне берілген сыйлықтардың бірі болған BMW автокөлігі шетелден сатып алынбаған, Ресейдің Еуропадағы эксклавы – Калининградтағы (Польша мен Литваның арасында орналасқан – ред.) зауытта құрастырылған.

Ресей спорт министрі Виталий Мутко «көліктерден бөлек, олимпиада жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар: алтын медальға – 62 мың, күміске – 39 мың, қолаға 26 мың доллар берілетінін» мәлімдеді. Күміс және қола жүлде иегерлері де көліктер алды, бірақ олардікі чемпиондарға берілген үлгіден басқа болды -BMW X4 және X3.


Дегенмен аталған сайтта кешке «хабарландырудың күші жойылды» деген ескертпе қойылды.

Соңғы жаңалықтар