"Біз Ресей мен Еуропа елдері арасында жағдай қиындап тұрған кезде кездесіп отырмыз. Бұл мәселе тезірек шешілсе екен, бұл тұрғыдан алғанда Сіздің елдің атқарып отырған ролі ерекше», — деді Ф.Олланд Астанада жұмада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен кезде.
Француз президентінің сөздері Қазақстан басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада келтірілген.