Өмір бойына бас бостандығынан айырылған ақтөбелік лаңкестердің жаңа видеосы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өмір бойына бас бостандығынан айырылған ақтөбелік лаңкестердің жаңа видеосы жарияланды

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған ақтөбелік лаңкестердің жаңа видеосы жарияланды

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы, "Аңсар" ақпараттық талдау орталығы өткен жылы жазда Ақтөбеде болған лаңкестік шабуылға қатысып, өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар туралы "Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ" атты бейнероликті жарыққа шығарды. Бейнеролик шығарудағы мақсат - экстремизм мен терроризмнің алдын алу, еліміздегі азаматтарға дәстүрлі дінді насихаттау...

  • 25 Ақпан 2017
  • 2305
Фото - Caravan.kz

Ғаламторға салынған жаңа видеоның астында осылай деп жазылған, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Бейнероликте лаңкестер өз істеріне өкініш білдіреді.

"Істегеніміз — өмірдегі ең үлкен қателік. Бұның қалай болғанын өзім де білмеймін. Алла куә ғой. Бірақ лаңкестік болған кездегі кейбір жерлерде есімді білмеймін. Ұйқылы-ояу сияқты күй кештім. Бастысы, білім алу керек екен. Бұл білімсіздіктен болды. Біреудің айтқанымен жүріппін" дейді жазасын өтеуші Әлібек Ақпанбетов.

Сондай-ақ, бейнероликте сөйлеген лаңкестер бұл ісі үшін әке-шешесінен ұялатынын айтқан. "Қазір оның (анасын айтады — ред.) жасы 50-ден асты… Ол мені 28 жасқа дейін асырады, орта білім берді. Жоғары білімді аяқтамадым. Мен үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Соның қайтарымын жасауым керек еді. Қазір, әрине, ұялып отырмын. Ата-ананы бағалап, оларға қамқор болу керек" дейді жазасын өтеуші Асхат Рахметов. 


Соңғы жаңалықтар