Өмір сүру тәсілін білсең осылай: Алматылық жігіт Бас муфтидің салынып жатқан үйі деп зәулім сарайды көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өмір сүру тәсілін білсең осылай: Алматылық жігіт Бас муфтидің салынып жатқан үйі деп зәулім сарайды көрсетті

Өмір сүру тәсілін білсең осылай: Алматылық жігіт Бас муфтидің салынып жатқан үйі деп зәулім сарайды көрсетті

Алматылық жігіт «Горный гигант» шағын ауданында салынып жатқан зәулім сарайды көрсетіп, ол үйдің 5 жыл Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы қызметін атқарған  Ержан Қажы Малғажыұлына тиесілі екенін айтты. Ал муфтият болса, бұны жалған ақпарат деп отыр.

  • 22 Мамыр 2018
  • 1887
Фото - Caravan.kz

Таудан көлігімен түсіп келе жатқан жүргізуші құрылысы жүріп жатқан үйді айнала видеоға түсірген.

«Алдарыңызда көріп отырған Қазақстан Республикасының Бас муфтиі Ержан қажының салынып жатқан үйі. Горный гигантта. Өмір сүру тәсілін білсең осылай», –  дейді алматылық.

Ал осы оқиғаға қатысты түсінік берген муфтият ақпараттың жалған екенін айтып отыр.

«Жалған ақпаратты таратушы жәдігөй бейнежазбада «Өмір сүру тәсілін білсең осылай» деп көбікауызданып бағады. Шын мәнінде аталмыш Зәулім үйдің құрылысы белгілі кәсіпкер Бахарадин Әблязимовке тиесілі. Оны керек болса, өзі де растайды», – деді ҚМДБ-ның бөлім басшысы Қамалжан Тұрдыбаев.

Айта кетейік Ержан қазы Малғажыұлы 2013-2017 жылдар аралығында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасын басқарып келді. Былтырғы жылдың желтоқсан айындағы құрылтайда ол Бас мүфти лауазымына наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың кандидатурасын ұсынған.


Оқи отырыңыз:

«Екі ұлым келіндердің айтқанынан шыға алмады»: Қайыршы ата қалай жалғыз қалғанын айтып күрсінді

2017 жылы Қазақстанда ұл балалар көп туды – статистика 

Елімізде қабірге биік құлпытас пен зәулім кесене орнатуға тыйым салынды