Жарияланды: 290

2017 жылы Қазақстанда ұл балалар көп туды – статистика

2017 жылы Қазақстанда ұл балалар көп туды – статистика

2017 жылы Қазақстан Республикасында АХАТ органдарымен 390 262 туғандар тіркелді, соның ішінде қалалық мекендерде – 226 847 адам, ауылдық – 163 415 адам. Туғандардың 51,7% (201 756) ер балаларды және 48,3% (188 506) қыз балаларды құрады. Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер баланы құрады. 2007 жылмен салыстырғанда туғандар саны 21,2% (ер балалар – 21,7%, қыз балалар – 20,5%), қалалық

мекендерде – 30,1%, ауылдық мекендерде – 10,7% артты.

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Туудың жалпы коэффициенті 1 000 адамға 2017 жылы 21,64 туғандарды құрады, қалалық мекендерде - 21,94 (2007ж. – 21,27), ауылдық мекендерде – 21,22 (2007ж. – 20,25) құрады.

Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1 000 тұрғынға шаққанда 29,74 туғандар), Астана қаласында (28,23) және Оңтүстік Қазақстан облысында (27,20) байқалды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (13,17), Павлодар (15,91) және Шығыс Қазақстан (15,98) облыстарында көрініс тапты.

Барлық ұрпақты болу кезеңінде (15-49 жас) бір әйелдің орта есеппен алғанда дүниеге әкелген балаларының санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) 2017 жылы 2,73 құрады және 10 жыл ішінде 10,5% өсті, тиісінше қалалық мекендерде – 2,57 және 8,4%, ауылдық мекендерде 3,00 және 14,5%.

Елдің өңірлері бойынша ең жоғары ТЖК Маңғыстау (3,78), Оңтүстік Қазақстан (3,62) облыстарында, ал ең төмен деңгейлері Алматы қаласы (1,67) мен Қостанай (1,73) облысында байқалды.

2017 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 28,5 жасты (2007ж. – 28,0) құрады, қалалық мекендерде – 28,7 (2007ж. - 27,8), ауылдық мекендерде – 28,2 (2007ж. – 28,3).

Қазақстанның көпшілік өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Алматы қаласында 29,6 жасты, Астана қаласында 29,4 жасты құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін