"Өміріміздегі қауіпті кезеңдерге байланысты тегімді үш рет ауыстырдым": Әли Оқапов отбасылық құпияның бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өміріміздегі қауіпті кезеңдерге байланысты тегімді үш рет ауыстырдым": Әли Оқапов отбасылық құпияның бетін ашты

"Өміріміздегі қауіпті кезеңдерге байланысты тегімді үш рет ауыстырдым": Әли Оқапов отбасылық құпияның бетін ашты

Тасқын Оқапов пен Роза Рымбаеваның тұңғыштары Әли Оқапов тегін бірнеше рет ауыстыруға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

  • 19 Ақпан
  • 1799
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әнші "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Өмірлік тәжірибе жағынан мен ерте есейдім. Әкемнен ерте айырылған соң кейбір жерлерде сол кісінің орнын басуға тырыстым. Мәдиге де әке орнына әке болып, парызымды өтеуге тырыстым. Әкеміз дүниеден қайтқаннан кейін біз үшін өте қиын, тіпті қауіпті кезеңдер болды. Өкінішке орай, мен барлығын айта алмаймын. Сол қауіпті жағдайларға байланысты мен тегімді де үш рет ауыстырдым. Мен Оқапов болып туғам, кейіннен Тасқынұлы болдым, сосын Рымбаев болдым.16 жасымда төлқұжатымды алғанда анама барлығы тынышталған сияқты, енді біз үшін ештеңе де қауіпті емес секілді деп өзім шешім қабылдап қайта Оқапов болдым. Анам қарсы болған жоқ. Бірақ, Мәди Рымбаев болып қалды. Ол кезде не себепті тегімді қайта-қайта ауыстырғанымды айта алмаймын. Ештеңе де себепсіз болмайды, себеп болды. Бірақ, ол кезеңдер аман-есен өтті, ең бастысы арты жақсы болды", — дейді әнші.