Өміріңді өзгерткің келе ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өміріңді өзгерткің келе ме?

Өміріңді өзгерткің келе ме?

Өмірде өзіңе лайықты орныңды табу оңай емес. 

  • 5 Желтоқсан 2014
  • 3827
Фото - Caravan.kz

Өзіңе нық сенімді болу үшін бұл өмірде өзіңнің абыройлы орның болу керек. Бойыңда бар қасиеттеріңнің бар мүмкіншілігін кәдеге алмай жүрген адамдар қазір көп-ақ. 

Біреуі досының көлеңкесінде жүріп, өз ойы мен пікірін ашық айтудан жүрексінсе, екіншілері  өмірлерін жақсы жаққа өзгертетін қадам жасауға қорқады. Біз дәрігер емеспіз, бұл ауру да емес, бірақ бойымыздағы ұнамсыз қасиеттен қалай арылуға болады? Өміріміздің мәнін ашып, болашаққа деген сенімділікке ие болудың жолдары бар ма? 

Сонымен, өз-өзіңізге сенімді болу үшін 10 кеңес:

1. «Қолыңнан келмейді! Шамаң жетпейді» — деген сөзді  тыңдамаймыз!

Кейде ішіңізде түрлі кумән туу мүмкін, сол сәттерде жақын достарыңыз бен таныстарыңыздан кеңес сұрап, олардан сүйеніш күтесіз. Олар сізге ақыл-кеңес айтпай, бастаған ісіңізді тоқтатқызады. Адамдардың кейбірі біріншіден, өзінің психологиялық жайлылығын ойлап, соны қамтамасыз етуге тырысады, сіздің бақытты болуыңыз – олардың жайлылығына кедергі келтіреді.

Мысалы, сіздің көкейіңізде көптен жеке бизнес ашу туралы ой жатыр. Сіз кеңесті, өмірінің жартысын жалдамалы жұмыста істейтін адамнан сұрайсыз. Ол кісіден қандай кеңес күтесіз? Әрине, ол өз кезегінде, қолыңыздан келмейтінін, тәуекелге бел буудың қажеті жоқтығын айтады.Күндегі жұмысыңызды жалғастыруды ұсынады. Сондықтан да, өзіңізге қажетті салада белгілі жетістіктерге жеткен адамнан кеңес сұрауыңыз – әлдеқайда тиімді.

2.Тым сыпайы болудың қажеті жоқ!

Сыпайы болудың да өз шегі бар. Барыңыздан жақсы әлде жаман болып көрінудің де қажеті аз. Өзіңіздің жақсы жақтарыңызды қысылмай айтуға қорықпаңыз. (Мысалы, жұмыс орнына тұру ушін сұхбаттасуда) Өзіңіздің  жағымды қасиеттеріңізді айтуға қорықпасаңыз, онда сіз сенімді болғаныңыз.Оны көрген адамдар да, сізге сенім артады. Ал сізді мақтаса, қысылмай, рахметіңізді білдіріңіз! Ешқашан қошемет қабылдаудан тайынбаңыз.

3.Адал болыңыз!

Тұйықталмаңыз, өз пікіріңізді айтудан бас тартпаңыз. Көзқарасыңыз бен пікіріңізді білдіруге тырысыңыз. Қателесуден именбеңіз, ең басты – бұл сіздің ойыңыз, сіздің қателігіңіз. Өз қателігіңді мойындау жеңілірек, келесі рет, өз қателеріңіз арқылы сабақ аласыз.

4. Сыртқы келбетіңіздің маңызын асыра бағаламаңыз!

Әрине, келбетіміз өте маңызды, бірақ , дарындылық , ақыл-ой, сүйкімділік – теңдессіз бірінші орында тұр. 

5. Именбей, нақты сөйлеңіз.

Әңгімелесушінің  көзіне қараңыз, сөйлеу барысында қолыңызбен артық қимыл жасамаңыз.Саусақтарыңызбен ойнамаңыз, ерніңізді тістемей, дөрекі сөздерден аулақ болыңыз.

Өзіңізді қадағалаңыз, кейпіңізді, сөйлеу мәнеріңізді жоғарылатыңыз. Ұялшылықтан арылыңыз, қадам жасауға жеткізбейтін ойларды басыңыздан шығарып тастаңыз. Тек қана алға қарай әрекет етіңіз!


6. Жаныңыздағы адамдарға көмектесуден ешқашан бас тарпаңыз!

Егер жаныңыздағы адамдар көмегіңізді бағаласа, онда олар сіздің біліміңізбен, тәжірибеңізді бағалайды.

7. Мәселені өзіңізден іздемеңіз!

Жаныңыздағы адамдар сіздің ойыңызды, қозғаған тақырыптарыңызбен, келіспесе, кінәлі тек қана сіз деп есептеу — қате. Кейде бұл сіздің емес, өзгенің мәселесі болуы мүмкін. Сізді түсінбейтін адамдар бар. Барлығын күлкіге айналдыратын адамдар да бар. Тағы біреулері, барлығын сынауға бейім. Барлығымен бірдей тіл табысу мүмкін емес екенін есіңізден шығармаңыз.

8. Кемшіліктеріңізге тура қараңыз!

Өз бойыңыздағы артықшылықтарды білуіңіз міндетті.Соған қарамастан бойыңыздағы кемші тұстарын да есіңізден шығармаңыз. Неге?  Кемшілікпен жұмыс жасау үшін. Қолыңыздан келетін, келмейтін дүниелерді тізіп жазыңыз. Түбегейлі өзгертуге келетіндері жайлы ойланып көріңіз. Барлығы өз қолыңызда, барлығы өзгеруі мүмкін. Қазір істей алмасаңыз, болашақта бәрі өзгеруі мүмкін.

9. Өмір — сабақ! Ол үшін арнайы ақылы курсқа барудың қажеті жок.

Өз-өзіңізге сенімділік қажет-ақ, оны өмірдің өзі-ақ үйретеді. Көп адамдармен араласыңыз. Олардың берген кеңесін жүзеге асырыңыз. Қай жерде сенімсіздік пайда болатынын тауып, оны жоюға талпыныңыз.

Жұмысқа орналасу ушін  кездесуге барудан таймаңыз. Ол өте керемет және тегін сабақ.Түйіндемеде жалақыны , қазіргі жалақыға қарағанда жоғарырақ жазыңыз. Жалақы жоғарырақ болса, оған сіз лайықты екеніңізді де дәлелдеу қиынырақ. Ал бұл тек жаңа жұмысқа орналасуыңызға әкеліп соғуы мүмкін, жалақысы да, сәйкесінше, жоғарырақ. 

10. Сенімділік пайда болатын уақытты күтпеңіз – қимылдаңыз!

Бұл соңғы және ең басты кеңес. Ешқандай күмән, үрей өздігінен жоқ болып кетпейді. Өміріңіз мән-мағынасыз өте шығуы мүмкін. Мақсатыңыз – сенімсіздіктен арылу. Сондықтан да  жеңілдеп қалам деп  күтпеңіз. Ештемеге қарамастан тек қана алға қарыштап қадам баса беріңіз! 

Аударған: Құралай Көшербаева