Жарияланды: 380

Омскіде қазақстандық студент асылып өлді

Омск облысы бойынша тергеу органдары Қаржы министрлігінің Мемлекеттік университет филиалының 20 жастағы студентінің өзіне қол салу фактісін тексеруде, деп аймақ бойынша криминалдық тергеу бөлімі мәлімдеді.

17 қараша күні Омскіде Гусаров көшесінде орналасқан жатақхананың душ бөлмесінде осы оқу орнының екінші курсында оқитын 20 жастағы студенті асылған күйінде табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстаннан келген студент отбасындағы проблема салдарынан өзіне қол салған. Қазір тергеушілер жас жігітті суицидке баруға не итермелегенін анықтауда. Тексеру қорытындысы бойынша соттық шешім шығарылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін