"Оңтүстік" ӘКК мен Ақмола облысы жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оңтүстік" ӘКК мен  Ақмола облысы жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі келісімге қол қойды

"Оңтүстік" ӘКК мен Ақмола облысы жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі келісімге қол қойды

Шымкент. 14 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте "Оңтүстік" ӘКК басшылығы мен Ақмола облысының өкілдері жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл туралы "Оңтүстік" ӘКК АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

  • 14 Наурыз 2008
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Кеше «Оңтүстік» ӘКК басшылығы мен Ақмола облысының өкілдері өңірді оңтүстіктің жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі негіздемелік меморандумға қол қойды «, — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қол қойылған меморандум негіздемелік келісім болып табылады, ол шаруашылықтармен жіберілетін көкөніс көлемі мен мерзіміне қатысты фьючерстік келісімдерге қол қою арқылы нақтыланады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерімен арадағы жұмысты осы үлгіде ұйымдастыру туралы Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы мен ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьниктің осы жылдың ақпан айындағы кездесуінде сөз қозғалды.

«Мамыр айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысынан фьючерстік қаржыландыру шартымен тұрақты жеткізілімді жолға қою мүмкіндігі бар. Өйткені, шаруаларға ақша қазір қажет. Біз барлық ӘКК-мен фьючерс мәселесі бойынша «Оңтүстік» ӘКК-мен жұмыс істеуге нұсқау бердік», — деді кездесуде ҚР Индустрия және сауда министрлігінің сауда бөлімінің төрағасы Айдар Қозыбақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті