Оңтүстік Корея президенті сапармен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Корея президенті сапармен Қазақстанға келеді

Оңтүстік Корея президенті сапармен Қазақстанға келеді

Қазақстан СІМ басшысының орынбасары Ержан Ашықбаев Сеулде Оңтүстік Корея сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Чо Тэ Ёнгпен келіссөздер жүргізді.

  • 23 Сәуiр 2014
  • 532
Фото - Caravan.kz

"Кездесу барысында олар екіжақты және көпжақты форматтағы қазақстандық –оңтүстіккореялық өзара ықпалдастықтың ағымдағы жағдайы мен келешегін талқылады, оның ішінде Корея Республикасының президенті Пак Кын Хенің жоспарланып отырған сапарын дайындау жайы талқыланды", делінген СІМ таралған баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар сауда-экономикалық, инвестициялық-технологиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.


Қазіргі уақытта екі ел арасындағы сауда айналымы миллиард доллардан асып отыр.