Оңтүстік Кореяда алапат дауылдан адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Кореяда алапат дауылдан адам  қайтыс болды

Оңтүстік Кореяда алапат дауылдан адам қайтыс болды

Оңтүстік Кореяда Конг-рэй дауылынан 1 адам қаза тауып, тағы 2 кісі жоғалып кетті.

  • 8 Қазан 2018
  • 34
Фото - Caravan.kz

Қазір оларды іздестіру жүріп жатыр. Ал дүлей желден елде 270 әуе рейсі болмай қалды. Олардың басым бөлігі Чеджу халықаралық әуежайына қатысты. Ауа райын болжаушылардың хабарлауынша дүлей жел енді Қытайға қарай бет алған. Осыған байланысты аспан асты елінің кей өңірінде дауылға қарсы дайындық жарияланып, Пудун әуежайынан 48 рейс кейінге шегерілді.

Еске сала кетейік, Конг-рэй дауылы бұған дейін Жапонияның Окинава аралы мен Кагосима префектурасына соғып, 8 адам жарақат алған еді. 30 мыңнан астам тұрғын электр энергиясынан қол үзіп қалды.



 

Соңғы жаңалықтар