Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 334 адамнан коронавирус анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 334 адамнан коронавирус анықталды

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 334 адамнан коронавирус анықталды

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 1595-ке жетті. Бір тәулікте елде 334 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ауруды бақылау мен алдын алу орталықтарының ұйымы мәлімдеді.

  • 27 Ақпан 2020
  • 79
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұйымның мәліметінше, бір тәулікте вирус жұқтырған адамдардың 307-сі Тэгу қаласынан анықталған, қалғандары елдің түрлі аймағында. Бүгінде елде 12 адам қайтыс болған, 24-і емделген. Тағы 21097 адамның сараптамасы қазір тексеріліп жатыр. 

Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандардың 80 пайызы, яғни 1338 адам Тэгу қаласы мен оған көршілес Кёнсан-Пукто провинциясында тұрады. Сеулде 55 адам вирус жұқтырған. 


Қазіргі уақытта Тэгу мен Кёнсан-Пукто эпидемиялық бақылаудағы аудандар деп жарияланған.  Оңтүстіккореялық әуекомпаниялар Тэгуге қатынайтын рейстерін уақытша тоқтатты.