Ауа арқылы тарайтын аса қауіпті бұл вирус өткен айдың соңында анықталған болатын. Дерт ошағында қазір карантин жарияланған. Ал 2 мыңға жуық мектептің жұмысы тоқтап тұр. Аты айтып тұрғандай бұл ауру Оңтүстік Кореяға Таяу Шығыстан келген. Вирусты сол аймаққа барған азамат жұқтырып келіпті. Қазір бұл елде індеттің таралуына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тұрғындар қорғану үшін, арнайы медициналық бетперде тағып жүруге мәжбүр. Айта кетейік, бұл вирус түрі алғаш рет 2012 жылы Сауд Арабиясында тіркелген болатын.