Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар аурханасының аумағында өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар аурханасының аумағында өрт шықты

Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар аурханасының аумағында өрт шықты

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 23 - тамыз. ШЫМКЕНТ. Шымкентте облыстық балалар аурханасының аумағындағы екі қабатты бос ғимараттың шатырында өрт шықты. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөлімінен хабарлады.

  • 23 Тамыз 2007
  • 364
Фото - Caravan.kz

«Бүгін 14 сағат 18 минутта облыстық балалар аурханасының аумағындағы екі қабатты бос ғимараттың шатырында өрт шыққандығы туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіруге тоғыз цистерна жұмылдырылды. 15 сағат 08 минутта тілсіз жау ауыздықталды»,- деп хабарлады кезекші.

Алдын-ала берілген ақпараттарға сүйенсек, өрт аурухананың қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан корпустарының бірінде шыққан. Тілсіз жау 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір осы мәліметтер нақтыланып, өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.