Оңтүстік Қазақстан облыстық полициясының автопаркі жүздей көлікпен толықтырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық полициясының автопаркі жүздей көлікпен толықтырылды

Оңтүстік Қазақстан облыстық полициясының автопаркі жүздей көлікпен толықтырылды

ШЫМКЕНТ. 3- сәуір. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің автопаркі жүздей көлікпен толықтырылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Сәуiр 2007
  • 480
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бүгін Шымкенттің орталық алаңында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев департамент басшысына ВАЗ, УАЗ, «Тойота» маркалы 94 көліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 50 көлік жол полициясына, 30 көлік патрульдік — күзет қызметіне арналған, ал қалғандары учаскелер мен бөлімдерге бөлінеді.

Көліктерді сатып алуға қаржы облыстық бюджеттен бөлінген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті