Жарияланды: 590

Оңтүстік Қазақстан облыстық қажылар Шымкентке оралды

Оңтүстік Қазақстан облыстық қажылар 15-ақпан күні 14 сағатта Шымкентке оралды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Қажылық сапарға барған 87 адам мен сапарды ұйымдастырушы "Ордабасы-НЖ" фирамының басшылығы "Ирбис" әуе компаниясының ИЛ-18 ұшағы атқарған чартерлік рейспен ұшып келді. Қажылар ұшуға арналған қаржыны Шаржа қаласында өз қалталарынан жинаған. Сондай-ақ, фирма төрағалары, ағалы-інілі Закирулло және Хайрулло Аликуловтар әлдебір араб кәсіпкерінен несиеге 8 мың доллар алды деген дерек бар. Кейбір ақпараттарға қарағанда, "Ирбис" әуе компаниясына тиісті 28 мың доллардың орнына 22,5 мың доллар төленген. Алайда, журналистермен болған сұхбатта З.Аликулов қаржылық қиындықтар туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облыстық қажылар тобы қаржы тапшылығынан бірнеше күн бойы кері орала алмай қиындық көрді. Сондай-ақ, бұл топ Сауд Арабиясы мен Біріккен араб Әмірліктерінің шекарасынан өте алмай біраз сандалды. Соның салдарынан қажылық сапарға барған қария адамдар шекаралық бақылау-тексеру бекетінің жанында ашық аспан астында бірнеше күн түнеп шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін