Өткен жұмада сотталған 15 дәрігердің берген апеллияциясына қатысты сот алқасының шешімі жарияланды. Алқа шешеміне сәйкес, облыстық денсаулық сақтау мекемесі бастығының бұрынғы орынбасары Рахима Қуандықоваға тағайындалған жазаның орындалуы — 2018 жылға дейін, № 1 балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Бақытгүл Баймақанова — 2014 жылға дейін, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің бұрынғы орынбасары Гүлжамал Қылышбекова — 2018 жылға дейін, яғни олардың балалары кәмелеттік жасқа толғанға дейін жазаның орындалу мерзімі шегерілді. Қазіргі уақытта 8 айлық аяғы ауыр облыстық аурухананың бұрынғы кассирі Роза Қаукешоваға тағайындалған жаза 5 жылға шегерілді. Ал басқаларының үкімі өзгертусіз қалдырылды.
Сотталғандардың адвокаттары қадағалау шағымын беретіндіктерін мәлім етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті