Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 31 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің төрағасы Хибратулла Досқалиевтің бұйрығымен облыстық жол полициясы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Бұл қызметке бұған дейін облыстық жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары болған 39 жастағы Мұхтар Қожабаев бекітілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД жол полициясы басқармасын 2007-жылдың ақпан айынан бері басқарған Мейрамбек Шәкенов 29-маусымда алаяқтық және лауазымдық құзырын асыра пайдалану жөніндегі күдіктермен ОҚО ІІД-нің ғимаратында тұтқындалған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті