Оңтүстік Қазақстан облысы үшін Сырдариядағы тасқын қаупі сейілді - әкімшілік - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысы үшін Сырдариядағы тасқын қаупі сейілді - әкімшілік

Оңтүстік Қазақстан облысы үшін Сырдариядағы тасқын қаупі сейілді - әкімшілік

Шымкент. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Мұз кесектері Оңтүстік Қазақстан облысының аумағынан шығып, өңір үшін Сырдариядағы тасқын қаупі сейілді. Бұл туралы бүгін әкімшілікте өткен жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ислам Әбішев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Наурыз 2008
  • 483
Фото - Caravan.kz

«Сырдарияда бөгелген мұз кесектері біздің облыстың аумағынан шығып, Қызылорда облысының аумағына қарай жылжыды», — деді И. Әбішев.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, қазір бар күшті суландыру желілері- каналдар мен арықтарды тазарту мен жөндеуге, бөгеттерді бекітуге шоғырландыру керек.

Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі жағдаймен суландыру желісін тасқын жартылай бұзып кеткен 4 ауданда 38 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды. Тазарту жұмыстарына 49 техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті