Жарияланды: 470

Оңтүстік Қазақстан облысында 165 мың литр спирт тәркіленді

Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясының қызметкерлері жалпы құны 67 млн. теңгеге бағаланған есепке алынбаған 165 мың литр спиртті тәркіледі. Бұл туралы облыстық қаржы полициясының бастығы Сабыр Солтаев хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында орналасқан "Достық" спирт зауытының жұмысына жүргізілген тексеру барысында қаржы полициясының қызметкерлері 8 цистерна толы этил спиртін тауып алды. Өнім туралы қаржылық немесе технологиялық құжаттардың ешқайсысында да тіркелмеген. Демек, осыншама өнімге салық төленбеген деген сөз. ҚР заңдарына сәйкес спирт мемлекеттік кіріс ретінде тіркеліп кәмпескеленді. Сондай-ақ, зауыт басшылығына 131 мың теңгенің әкімшілік айыппұлын төлеу туралы міндеттеме жүктелді. Осыдан екі жыл бұрын ашылған "Достық" спирт зауыты соңғы уақытқа дейін жұмыссыз тоқтап тұрған кәсіпорындардың санатына қосылып келген болатын .

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть