Оңтүстік Қазақстан облысында 350 кило балықты тоқ генераторының көмегімен аулаған браконьер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында 350 кило балықты тоқ генераторының көмегімен аулаған браконьер ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында 350 кило балықты тоқ генераторының көмегімен аулаған браконьер ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында 350 кило балықты тоқ генераторының көмегімен аулаған браконьер ұсталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 5 Ақпан 2004
  • 500
Фото - Caravan.kz

3-ақпанда Отырар аудандық ІІБ-ның қызметкерлері Қажы тоғай ауылының жанында 34 жастағы Шардара тұрғынын тұтқындады. Одан 350 кило балық тәркіленді. Соңынан белгілі болғанындай, табиғат қаскөйі балықты тоқ генераторының көмегімен аулапты.

ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің оңтүстік аймақтық балық инспекциясы басқармасының мәліметіне сәйкес, құқық қорғау мекемелері мен басқарма қызметкерлерінің тұрақты рейд шараларына қарамастан, бұл осындай жабдықпен балық аулаған адамды тұңғыш рет тұтқындау оқиғасы болмақ. Әйтсе де, браконьерліктің осындай түрі туралы мәліметтер бұдан бұрын да талай келіп түскен.
2003-жылы тәртіп бұзған 155 адамның үстінен 154 акт-хаттама рәсімделіп, 1951 кило балық, 19 балық аулау құралы, 25 жүзгіш көлік құралы тәркіленді. 74 мың теңгенің айыппұлы салынып, оның 66 мыңы өндіріп алынды. Табиғатқа келтірілген 138 мың теңге шығынның орнын толтыруға акт түсіріліп, оның 26 мыңы өндіріп алынды. Табиғат қаскөйлеріне бірде-бір адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ.
Өткен жылы бұдан басқа браконьерлік оқиғалары тіркелген жоқ.

Соңғы жаңалықтар