Оңтүстік Қазақстан облысында 3-қыркүйекте мемлекет басшысының қатысуымен интерактивті сабақ өткізуге мектептердің тек үштен бір бөлігі ғана дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында 3-қыркүйекте мемлекет басшысының қатысуымен интерактивті сабақ өткізуге  мектептердің тек үштен бір бөлігі ғана дайын

Оңтүстік Қазақстан облысында 3-қыркүйекте мемлекет басшысының қатысуымен интерактивті сабақ өткізуге мектептердің тек үштен бір бөлігі ғана дайын

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 29 тамыз. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысында 3-қыркүйекте мемлекет басшысының қатысуымен интерактивті сабақ өткізуге тиіс 108 мектептің тек үштен бір бөлігі ғана дайын. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық білім беру департаментінің оқу бөлімінің бастығы Шолпан Сазабаева хабарлады.

  • 29 Тамыз 2007
  • 527
Фото - Caravan.kz



«Бүгінгі жағдаймен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен интерактивті сабақ өткізуге арналған жабдық 29 мектепте ғана орнатылған», — деді Ш. Сазабаева. Оның айтуынша, жабдықты жеткізу және монтаждау жұмыстарымен шұғылданып жатқан «Narucom Ltd» фирма қызметкерлері монтаждау жұмыстары уақытында аяқталады деп сендіреді. Ш. Сазабаеваның түсініктемесіне сәйкес, интерактивті сабақты өткізу үшін интерактивті тақталар мен веб-камералар, проекторлар, компьютерлер мен ADSL-модемдерді 108 мектепте орнату қажет болған.

Оқу бөлімінің бастығы үкімет басшысының шешімімен президент қатысатын интерактивті сабақты өткізу мерзімі 1-қыркүйектен 3-ші жұлдызға шегерілгенін еске сала кетті.

Облыстық білім беру департаментінің мәліметіне сәйкес, қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында 1011 мектеп бар, олардың 423-і типті ғимараттарда орналасса, 588-і лайықталып жөнделген ғимараттарда орналасқан. Мектептер түгелдей дерлік компьютерлермен жабдықталған, 33,3 оқушыға бір компьютерден келеді. Қазірде 95,6 мектеп телефонмен жабдықталса, 90,5-і Интернетке қосылған.