Оңтүстік Қазақстан облысында 400 -ден астам үй мен басқа да нысандарды су алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында 400 -ден астам үй мен басқа да нысандарды су алды

Оңтүстік Қазақстан облысында 400 -ден астам үй мен басқа да нысандарды су алды

Шымкент. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қатты нөсер мен қардың еруі салдарынан Оңтүстік Қазақстан облысында 400 -ден астам үй мен басқа да нысандарды су алып, көпір бүлінді. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департатментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 21 Ақпан 2008
  • 388
Фото - Caravan.kz

«20 ақпанда 11 мен 24 сағат аралығында облыс аумағында қатты нөсер жауды. Қатты нөсер, қардың еруі мен күннің шұғыл жылынуына байланысты облыстың бірқатар аудандарында елдімекендер су ішінде қалды», -делінген хабарламада.

Қазір Сарыағаш, Ордабасы және Арыс аудандарында күрделі ахуал қалыптасып отыр. Мәселен, Сарыағаш ауданында 296 тұрғын үй, бір мектеп пен бір мектеп корпусы су ішінде қалып, Бозай ауылындағы көпір бүлінді. Соның салдарынан үш елдімекенмен арадағы көлік байланысы тоқтады. Ордабасы ауданында 52 үй, Арыс ауданының Маңдайтас ауылында 60 үй мен орта мектеп ғимараты тасқында қалды.

Шымкентте де тасқын ахуалы күрделі болып тұр. Қатты жаңбырдан үйлердің жертөлелерін су алып, бөгеттердің жағалаулары бүлінді. 18 бен 24 сағат аралығында тұрғындардан құтқарушылар пультіне тасқын туралы 36 шақыру келіп түскен.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тасқын зардаптарын жою жөніндегі барлық жұмыстарды облыс басшылығы, Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті, облыстың аудандық және ауылдық әкімдіктері үйлестірді.

Апаттан құтқару жұмыстарына Шымкенттің жедел құтқару отряды мен облыстық өртке қарсы күрес қызметінің мамандары тартылды. Барлығы 99 адам мен 14 техника жұмылдырылды.

Бүгін түн ортасында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі облыстың қалалары мен аудандарының әкімдерімен шұғыл селекторлық жиын өткізді. Кеңесте халықты қорғауға бағытталған шараларды өткізуге нақты міндеттер қойылып, шығындардың көлемі алдын ала анықталды. Әсіресе Сырдариядағы тасқын ахуалына баса назар аударылды.

21 ақпанда 01 сағат 35 минутта сарыағаш ауданының әкімшілігінен жаңа арна тарту мен каналдардан артық суды қауіпсіз жерлерле айдау үшін жару жұмыстарын жүргізу қазет деген өтініш келіп түсті. 4 тонна жарылғыш зат алу және жарғыш бригаданы жіберу мәселелері 3 сағатқа таман шешілді. Бригада таңертең жолға шықты.

Таңертең облыс әкімі Нұрғали Әшімов азаматтық қорғаныс департаментінің директорымен, ҚР ТЖМ әскери бөлімдері мен жедел жауап қару қызметінің генерал-майоры Диханбек Сатылғановпен және Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментігің төрағасы Уәлихан Ережеповпен бірге ҚР ТЖМ-нің тікұшағымен тасқын ахуалының ауқымын анықтау және нақтылау үшін ұшып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті